Safekaznet жобасы «Reach for Change» қорының әлеуметтік бастамалар байқауының қатысушысы атанды

«Safekaznet» жобасы «Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры ұйымдастырған, әлеуметтік кәсіпкерлерлер байқауының қатысушысы атанды. Байқауға ұсынылған идея, Қазақстанда іс-түссіз жоғалған балалаларды іздеу мақсатында құрылған сайт болып табылады. Мұндай қажеттілік, қазіргі таңда елімізде іс-түссіз жоғалған мыңдаған балалар мен жасөспірімдер туралы деректер базасының болуында. Балалардың фотосуреттері мен ақпараты жарияланатын сайт арқылы, азаматтық қоғам мүшелері арасында жоғалған балалар туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар хабарлай алады. Сондай-ақ, баланың қазіргі түр әлпетін бейнелейтін жаңа технологиялар қолдану көзделуде. Мұндай әдіс, әсіресе бала жоғалған уақыттан бастап бірнеше жыл өткен жағдайда қажет.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры – бұл Kinnevik компаниясының негізінде, балалар мен жасөспірімдер өмірінің сапасын арттыру мен олардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі қызметі, балалар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту мақсатында қызмет етеін тұлғалар, компаниялар мен ұйымдарды іздеу және оларға қолдау көрсету. Жағымды идеялар табу және олардың ішінде лайықты жобаға қолдау көрсету мақсатында, қайырымдылық қор жыл сайын әлеуметтік кәсіпкерлер байқауын өткізеді.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) ҚҚ ақпараттық кампаниялар арқылы қоғамның хабардарлығын арттырып, әлеуметтік кәсіпкерлік – балалар құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясын іске асырудағы ең қолайлы амал екенін насихаттайды.

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ Баспасөз қызметі

Порно неге алып келеді: «Касперский Лабораториясы» зиянды бағдарламалардың желіде таралуын әшкереледі

«Касперский Лабораториясының» мамандары қолданушылардың компьютерлері мен Android-құрылғыларына арнайы әзірленген Koler атты зиянды бағдарламалардың желіде кең таралуы туралы хабарлады.

Көп жағдайда потенциалды құрбандар порноконтентті алу мақсатында блокер-бағдарламалармен өз құрылғыларына зиян тигізген. Блокталған құрылғының экранында полиция қызметкерлерінің порнографиялық материалды көргені үшін 100 доллардан 300 долларға дейін айып пұл төлеу туралы арнайы талабы көрсетілген.

Блокер-бағдарламасы экранды блоктау функциясы бар қарапайым болғандығына қарамастан, мамандардың айтуы бойынша, айлакерлер 30ға жуық елдердің, соның ішінде Еуропа, Солтүстік және латын Америка, Австралия сияқты жергілікті құқық қорғау органдардың тексті мен символикаларын қолданған. Кейінгі тексерулер нәтижесінде зиянды бағдарламалардың дистрибуциясын қамтамасыз ететін жоғары деңгейлі дамыған желі анықталған.

Экранды блоктау үшін қолданылған құқық қорғау органдарының символикасы

Экранды блоктау үшін қолданылған құқық қорғау органдарының символикасы

Қолданушылар желіге 48 порносайтттар арқылы қосылған. Олардан келген сауалдар трафикті үлестіру жүесінің орталығына бағытталып, қолданушы блокер-бағдарлама тарататын көптеген серверлерге шалдыққан. Айта кететін жайт, аталған зиянды бағдарламалар Android-құрылғыларына, сондай-ақ персоналды компьютерлерге бағытталған. Әр құрылғыға арнайы жеке желі орнатылып, ол арқылы функциялары және сыртқы көрінісі ұқсас блокерлер дистрибуцияланған. «Касперский Лабораториясының» мамандары ұсынған статистикаға сүйенсек, мобильдік зиянды бағдарламалар желісіне 170 мыңға жуық қолданушылар шалдыққан. Бұл көрсеткіштің өсуі қазіргі таңда тоқтатылған, себебі 23 шілдеден бастап айлакерлер желінің жұмысын уақытша кідіртіп, командалық сервер арқылы зарарлы компьютерлерге деинсталляциялар таратты.

«Табылған брокер-бағдарламалардың ізімен, біз тұтас тарату инфраструктурасымен қоса Android-құрылғыларына арналған жаңа зиянды бағдарламалар түрін жолықтырдық, бұл бағдарламалар әлі қолданылмаған, бірақ айлакерлер өз кампаниясының шеңберін кеңейту мүмкін. Сондай-ақ, аталған тарату амалы – аса күрделі етіп жасалынған, бірақ зиянды бағдарламаның өзі қарапайым және онымен кез-келген  Internet Security класы құралының шамасы келеді » – деп «Касперский Лабораториясының» антивирустық жетекші сарапшысы Висенте Диаз хабарлады.

Дерекнама: Kaspersky Lab