Пайдалы ақпарат

Жеке мәліметтерді қымқыру

Басқа біреудің жеке мәліметтерін қымқырып, өзінің қаржылық олжасы үшін біреудің атын жамылу. Бұл жаңадан пайда болған мәселе емес, бірақ интернетпен қылмыскерлерге жеке мәліметтерді жинаудың жаңа жолдарын сыйлау арқылы шиеленісіп кетті. Қылмыскерлер жеке мәліметтерді жинаудың неше түрін, – интернетте жарияланған жеке мәліметтерді(әлеуметтік желілердегі онлайн профильдер секілді) жинаудан бастап спам, фишинг және фарминг техникаларын пайдаланады. Жеке мәліметтерді ұрлаудан қорғанудың ең жақсы жолы, күмәнсіз, балаға банктегі жеке шот нөмірі, мекен жай, телефон нөмірі, паспорт мәліметтері, т.б. сияқты мағлұматтарды жарияламауға кеңес беру.

Спам, фишинг және фарминг.

Спам хаттары – көбінесе жаппай таратылатын керексіз хаттар. Спам хаттарында порнография, фармацевтика, күмәнді қаржылық транзакциялар сияқты коммерциялық контент немесе «шындыққа жанаспайтындай тым жақсы» ұсыныстар болуы мүмкін.

internet rules_kz