Груминг

Груминг – ол баламен достасу мен эмоциялық жақындыққа бағытталған кез-келген белсенділік. Мұндай «ерекше қарым-қатынастандың» мақсаты – жыныстық зорлыққа немесе эксплуатацияға дайындап баланың сақтығы мен сенбеушілігін төмендету. Груминг балалар порнографиясын даярлау немесе балалар проституциясына баланы тарту үшін пайдаланылады.

Груминг процесінде қылмыскерлер балаларды шын өмірде кездесуге көндіруі мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер балаларға өздерінің виртуалды достарымен қалай қатынасу керектігін түсіндірулері керек.

Кездесуді бастардың алдында адамды жақсы білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет. Отбасы, қызығушылықтары, т.б. туралы сұрастырыңыз. Әңгімелерінде сәйкессіздіктер байқасаңыз немесе барлығы шындыққа жанаспайтындай жақсы болса, мүмкін, ойланып көруіңіз қажет шығар.

- Ересектер(ата-ана/отбасы мүшесі/қамқоршы) өзінің интернеттегі досымен кездесуге деген ынтасы туралы көбірек әңгімелеп беруі қажет.

- Ересектер(ата-ана/отбасы мүшесі/қамқоршы) кездесудің қай жерде қашан өтуін айтуы қажет.

- Интернетте адамдар өздері емес, басқа біреудің атын оңай жамыла алады. Бұны әрқашан естен шығармай, әрдайым балалардың есіне салып тұрған жөн.

- Егер бала интернеттегі досымен кездеспек болса, сіз оған рұқсат беріп, өзіңіз де бірге баруыңызға болады. Кездесу кезінде алаңдайтындай себеп болмаса, кетіп қала аласыз. Ересек адам болатынын біліп «досы» кездесуден бас тартатын болса, сақ болған дұрыс.

- Балаларды интуицияға сенуді үйретіңіз және өзіңіз сеніңіз. Егер бір нәрсе бұрыс көрінсе, кездесуден бас тартқан жөн.