Жеке мәліметтерді ұрлау

  • Баланың аты, құжат нөмірлері, мекен-жай мен телефон нөмірі желідегі қылмыскерлер үшін өте құнды ақпарат болып табылады. Мекен-жай және телефон сияқты ақпараттар тек сенімді жақын достарға берілуі тиіс екенін баланың есіне салып қойыңыз.
  • Балалармен өз орналасуыңды қашан жариялауға болатыны туралы сөйлесу. Бұл сақтық тек тұрғылықты жер үшін ғана емес, оқитын мектебі мен қосымша айналысымдар орындары туралы ақпаратқа байланысты. Одан қалса, саяхат алдында үй қараусыз қалатындығы туралы жарияламау туралы айтып қойған жөн. Мұндай ақпарат ұрыларға құнды сыйлық болып табылады.
  • Геолокацияға негізделген қызметтер мобильді құрылғы мен оның иесінің географиялық орналасуын жақын жерде орналасқан қызметтер мен ақпараттарды ұсыну үшін пайдаланады. Баланың мобильді құрылғысындағы барлық қосымшаларды тексеріп, қайсысын жою керек екенін шешу керек.
  • Банктегі есепшот нөмірі сияқты ақпарат ешқашан желіде жарияланбауға тиіс екенін баланың есіне салыңыз.
  • Парольді жариялау басқа адамдарға баланың есептік жазбасына қолжетімділік беретіні туралы ескертіңіз. Жақсы достарына байланысты болғанының өзінде.

Ақпарат көзі: Insafe