Әлеуметтік желілер

Желідегі бедел

Балалар Интернетте ата-аналарына қарағанда әлде-қайда жақсы әрекет ете алады, бірақ өздерінің желідегі беделдері үшін оларға көмек керек болатын жағдайлар сирек емес. Себебі балалар барлығымен желіде бөлісуге әдеттеніп кеткен – өздерінің күнделікті істерінен бастап достары мен таныстары туралы пікірлеріне шейін. Дегенмен олардың жариялағандарының барлығы желідегі беделіне тікелей әсер ететінін аңғармауы жиі кездеседі.

Баланың не істегенінің барлығын дерлік желіден қадағалауға болады, әсіресе ол Twitter немесе Facbook секілді ақпарат ешқашан жойылмайтын әлеуметтік желілерді қолданатын болса. Біздің барлығымыз интернетте байланысты болғандығымыздан баланың желідегі беделі тек өзіне ғана емес, оның отбасы мен достарына да әсерін тигізеді.

Балалардың желідегі беделдері оның блогтардағы, форумдар мен әлеуметтік желілердегі жариялымдарынан тұрады. Олар мұрағатқа сақталып, өздері жайлы басқалардың жазған жариялымдары секілді бір жылдан кейін де қолжетімді болып қала береді. Баланың желідегі беделі кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне де әсерін тигізуі мүмкін.

Балалармен желідегі бедел туралы келесі рекомендациялар көмегімен сөйлескен жөн:

  • Балаға жеке мәліметті ашпауға кеңес беріңіз

Олар өздерінің мекен жайы, туған күні және тағы басқалары сияқты жеке мәліметтерді ашпаған жөн екендігін білуі керек. Егер олар тым көп мәлімет ашып қойса, онда киберқылмыскерлер олар туралы жеке ақпаратты ұрлап алып, өзін басқа біреу ретінде көрсетуге мүмкіндік алады.

  • Әрдайым балаңызды «іздеңіз»

Сонда сіз басқалардың олар туралы не айтатынын және басқа біреулер олардың атын бүркенгенін біле аласыз. Қарапайым іздестіруден ары жүріп, Facebook мен Twitter секілді сайттардан және олар қолдануы мүмкін форумдардан іздеп көріңіз.

  • Балаға өзінің жеке беделін қалыптастыруға ерік беріңіз

Баланы желіде бәсекеге түспеуге, біреуді жамандамауға көндіріңіз. Өмірде айтылған сөздер уақыт өте ұмытылып қалады, ал желіде жазған пікірлер мәңгілік сақталады.

  • Балаға басқалардың да оның беделін қалыптастыратынын түсіндіріп жеткізіңіз

Балаға оның желідегі беделі мінсіз болса да, айналасындағылардың жазбалары мен суреттері баланың беделіне әсерін тигізуі мүмкін екендігін айтыңыз.

Таныс емес адамдармен мүмкін болатын жыныстық қатынастар туралы хат алмасулар сияқты қауіпті әрекеттерді атап өтуді ұмытпаңыз.

Бала желіде қандай ақпаратты жарияласа да, барлығы үшін жауап беруі керек. Егер олар өсек таратса, жеке суреттерді жіберсе немесе мұғалімдер туралы жағымсыз нәрселер айтса, онда, мүмкін, күндердің бірінде оларға жариялым туралы ақпарат жетеді. Нәтижесінде мектеппен, одан қалса құқық қорғау органдарымен қатынас бұзылуы мүмкін.

Балаға өмірде бетіне айтпайтын сөздерді желіде де айтпағаны жөн екенін түсіндіру керек.

Ең маңыздысы, оның желідегі әрекеттерінің әсерін дұрыс бағалай білгенін айтыңыз. Бала өзінің Интернеттегі әрекеттерін қауымға қолжетімді екендігін түсінуі керек, сондықтан олар беделін позитивті сақтауы керек.

Ақпарат көзі: Yoursphere