Жоба туралы

Заңға қарсы контентке қарсы тұру бойынша “Шұғыл байланыс” жобасы “Қазақстанның Интернет Ассоциациясы” заңды тұлғалар Бірлестігі инициативасы бойынша құрылған және оның қол астында жүзеге асырылуда.

ОЮЛ “Қазақстанның Интернет Ассоциациясы” ЗТБ-нің негізгі мақсаттарының бірі Интернеттің ұлттық сегментін танымалдандыру және қолданушыларының қызығушылықтарымен есептесетін гармониялық орта ретінде дамуына септігін тигізу болып табылады.

Сол мақсатпен азаматтар қазақстандық сегментке жүктелген видео-, аудио- және басқа адамның намысына тиетін өрескел материалдар жүктелген веб-ресурсқа сілтеме түрінде хабарлама қалдыра алатын www.safekaznet.kz интернет-ресурсы құрылды. «Шұғыл байланыс» мамандары барлық хабарламаларды қарастырып, расталған жағдайда, сәйкес шара қолдану үшін іле шала интернет-ресурс иесімен немесе оның хостинг-провайдерімен байланысады.

«Шұғыл байланыс» заңға қарсы контент туралы хабарлама жіберу режимінде жұмыс істейді, сонымен қатар телефон нөмірі арқылы да қолжетімді, соның көмегімен қолданылған шаралар туралы жіберушімен байланысу және хабарламада көрсетілген әңгімелесушінің қолайсыз контентті көру және жою мүмкіндігі бар.

«Шұғыл байланыс» Интернеттегі  заңға қайшы контентке байланысты хабарламаларды хабарлау бойынша Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік қауым болып табылады.

Шұғыл байланыс мақсаты – Казнетті заңға қарсы және агрессивті контенттен тазарту, интернет-бизнес қолданушылары мен өкілдеріне Интернеттегі заңға қарсы материалдар тарауына қарсы күресуге жәрдем ету. Шұғыл байланыс Интернет желісі қолданушыларынан мәлімдеме қабылдап, мазмұнын талдап, мекен-жайлық және техникалық сипаттама дайындайды, одан кейін сәйкес ақпаратты қазақстандық провайдерлер мен интернет-ресурс иелеріне мұндай контентті жою немесе бұғаттау бойынша сәйкес шаралар қолдану үшін жібереді. Қылмыстық заңдардың бұзылғанының нышандары бар болған жағдайда заңға қарсы ресурстар туралы ақпарат заң қорғау органдарына жеткізіледі. Өз әрекеттерін Шұғыл байланыс отандық интернет-индустрияның барлық үздік өкілдерімен дерлік әрекеттеседі, сонымен қатар жалғыз қазақстандық қосылған “шұғыл байланыс” болып табылады.

Мұндай шұғыл байланыстар әлемнің басқа елдерінде интернеттегі заңға қарсы контенттің пойда болдырмауға қатты көмектесіп жұмыс істейді.