Құпия сөздер

Құпия сөз – сайтты, электронды поштаны немесе компьютердің өзін(қолданушының есептік жазбасы арқылы) қолдануда ең көп таралған тұлғаны идентификациялау тәсілі. Сондықтан күшті құпия сөзін қолдану қауіпсіздік пен тұлғаны қорғаудың міндетті түрде керек. Егер зиянкес қолданушының аты мен қолжетімділіктің құпия сөзін білсе, әлемдегі ең мықты қорғаныстың өзінің пайдасы жоқ болады.

Құпия сөздер қолданушы атымен жұпта қолданылады. Алайда қорғаулы сайттарда бөлек ПИН код және/немесе еске сақталатын ақпарат сияқты басқа идентификациялау тәсілдерімен бірге қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сізден қосымша қорғаныс үшін құпия сөздің кейбір символдарын ғана енгізуіңізді сұрауы мүмкін.

Әлсіз құпия сөздерді қолданудаға тәуекелдер:

  • Адамдар алаяқтық пен басқа қылмыстар, сонымен қатар келесілер үшін сіздің атыңызды жамылады

-          Банктегі шотыңызға қожетімділік үшін

-          Сіздің ақшаңызға онлайн сатып алулар үшін

-          Әлеуметтік желілер мен танысу сайттарында сіздің атыңызды жамылу үшін

-          Сіздің атыңыздан электронды хаттар жіберу үшін

-          Компьютерде сақталған жеке ақпаратқа қолжетімділік үшін

 

Жақсы құпия сөзді қалай таңдауға болады

ЙӘ:

  • Әрдайым құпия сөз қолданыңыз
  • Бас әріп, кіші әріп, цифрлер мен @ # $ % ^ & * ( ) _ + сияқты символдар комбинациясы бар құпия сөзін қолданыңыз (мысалы, SP1D3Rm@n – spiderman сөзінің бас әріп, кіші әріп, цифр мен символдардан тұратын өзгертпесі). Бірақ шет елдік пернетақталарда кейбір символдарды енгізу қиындықтар туғызатынын есте сақтаңыз.
  • Кем дегенде сегіз таңбасы бар құпия сөзін қолданыңыз. Алайда ұзақ құпия сөзін табу немесе бұзу әлде қайда қиын.

ЖОҚ:

  • Құпия сөз ретінде пайдаланыңыз:

-          Қолданушы атын, шын атын немесе компания атауын.

-          Отбасы мүшелерінің немесе үй хайуанаттарының атын.

-          Өзіңіздің немесе туысқандарыңыздың біреуінің туған күнін.

-          Сүйікті футбол командасын немесе адамды біліп оңай табуға болатын сөздерді.

-          ‘Password’ сөзін.

-          Цифрлер қатарын.

-          Хакерлік бағдарлама арқылы оңай табылатын қарапайым сөзді.

  • ПИН кодын таңдағанда цифрлердің өспелі немесе кемімелі қатарын қолданбаңыз (мысалы 12345 немесе 4321), қайталанатын цифрлерді (11111) немесе пернетақтада оңай танылатын қатарды (14789 немесе 2580).

Құпия сөзіңізді қадағалаңыз

  • Ешкімге ешқашан құпия сөзіңізді айтпаңыз. Егер біреу сіздің құпия сөзіңізді білетін сияқты болса, жақын арада ауыстырыңыз.
  • Біреу сіздің құпия сөзіңізді енгізіп тұрғаныңызды көре алатын болса енгізбеңіз.
  • Әрдайым құпия сөзіңізді ауыстырып тұрыңыз.
  • Әр сайтқа әр түрлі құпия сөз қолданыңыз. Егер сіздің барлық сайтқа құпия сөзіңіз бірдей болса, онда зиянкестер бір сайтқа ғана кіріп барлығына қолжетімділік алады.
  • Құпия сөзіңізді қайта қолданбаңыз (мысалы №1 құпия сөз, № құпия сөз)
  • Егер еске сақтау үшін сіз құпия сөзіңізді жазып алуыңыз керек болса, онда сіздің жазбаңызды басқа ешкім түсінбейтініне және қолдана алмайтынына көз жеткізіңіз.
  • Электронды поштамен құпия сөз жібермеңіз. Ешбір сенімді компания сізден оны сұрамайды.

 

Есептік жазбаларды қадағалаңыз

Компьютерді қолданатын адамдардың барлығында өз есептік жазбасы болуы керек және оларда тек өз файлдары мен бағдарламаларына қолжетімділік болу керек. Әрбір есептік жазбаға қолжетімділік тек қолданушы аты мен құпия сөзі арқылы болуы қажет. Сонда жеке мәліметтер қорғаныста болады. Есептік жазбаның басқа ерекшеліктері, сонымен қатар ата-аналық бақылау теңшелімдерде қосыла алады(тек Windows Vista және одан жоғарылар).

Күнделікті қолдану үшін администраторлық құқықтары бар есептік жазбаны қолданбаңыз. Себебі зиянды бағдарламалар администраторлық құқықтарға ие болуы мүмкін. Сіз жалғыз қолданушы болғаныңыздың өзінде администраторлық есептік жазбаны тек бағдарлама қою немесе оны жою үшін немесе жүйе теңшелімдерін ауыстыру үшін ғана қолданыңыз. Ал күнделікті қолдану үшін басқа қолданушылық есептік жазба құрыңыз.

Ақпарат көзі: Get Safe Online