Сұрақ-жауап

Заңға қарсы контент деген не?

Заңға қарсы контент – экстремизмб терроризмб нашақорлық, порнография және зорлық-зомбылықты насихаттайтын контент.

 

«Шұғыл байланыс» не үшін қажет?

«Шұғыл байланыс» – Интернеттегі заңға қарсы контентті жойып, оның қолданушыларға, әсіресе балаларға зиян келтіртпеу үшін Интернет қолданушысының анонимді хабарлау мүмкіндігін беретін әлеуметтік қызмет. «Шұғыл байланыстар» әлемнің көптеген елдерінде бар (INHOPE желісіне бірлестірілген) және, әдетінше, қоғам мен бизнестің қолдауымен әрекет етеді.

 

Неге мұнымен әлеуметтік ұйым айналысады?

Қазақстанның азаматтық қауымы мен әлеуметтік ұйымдары заңға қарсы контентке деген төзбеушілік саясатын көрсетіп, оны жүргізуі қажет. «Шұғыл байланыс» ең алдымен интернет-қолданушыларының өздері үшін Қазақстандағы қауіпсіз интернет-кеңістігін құру мақсатына бағытталған. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақ үшін аса маңызды. Қазақстан интернет-қауымындағы эксперт мамандар барлық арыздарды қарастырып, қолданушы арыздары туралы провайдерлерге, интернет-қызмет администраторларына, интернет ресурс және домендік атау иегерлеріне хабарлап, заңға қарсы контентке қолжетімділікті жабады.

 

«Шұғыл байланысқа» не туралы хабарлауға болады?

Қазақстандағы заңға қарсы контентке қарсы әрекет бойынша «Шұғыл байланыс» келесі категориялар бойынша жұмыс істейді:

-Терроризмді насихаттау мен ақтау, террористік ұйымдарға коммуникациялау және тарту;

-Балалар порнографиясы, балаларды жыныстық эксплуатациялау;

-Балаларды Интернетте жыныстық әрекет етуге септігін тигізу;

-Нәсілдік, ұлттық және діни араздық тудыру;

-Интернетте наркотик тарату және насихаттау;

-Зорлық-зомбылықты және онымен байланысты қылмыстарды насихаттау…

«Шұғыл байланыс» қалай жұмыс істейді?

Қолданушы біздің сайтта «Шұғыл байланыс» хабарлама формасын толтырады, өзі жайлы мәліметтерді көрсетеді (аты-жөні, e-mail), хабарлама категориясын таңдайды, тақырып пен заңға қарсы контенті бар сайттың нақты мекен-жайын (URL) көрсетеді де, «Жіберу» батырмасын басады.

Хабарлама талдаушы-Маманға келіп түседі, ол:

-қолданушы жіберген сілтеменің жұмыс істейтіндігін;

-сол сілтеме бойынша контенттің қолжетімділігін;

-жіберілген материалда заңға қарсы контент нышандарының бар екендігіне;

-қолданушы жіберген заңға қарсы контенттің категориясына сәйкес келетіндігін тексереді.

Егер жауаптардың бірі «жоқ» болса, сигнал бойынша жұмыс тоқтатылады немесе сәйкес категория таңдалады.

Егер заңға қарсы контент нышандары табылса, онда:

-контент шет елде болса – ақпарат  сол елдің «Шұғыл байланысына» жіберіледі;

-контент Қазақстанда – сәйкес шаралар қолданылуы үшін ақпарат ресурс администрациясына домен тіркеуішіне және провайдеріне жіберіледі және, керек жағдайда, заңда қарастырылға әрекеттер іске қосылады.

 

Қандай интернет-қауіп түрлері болады?

Интернет-қауіптің келесі түрлері болуы мүмкін:

-бағдарламалық-техникалық;

-экономикалық;

-контенттік.

Контенттік интернет-қауіптер деген оны құру мен тарату адамға зиян келтіруі мүмкін, атап айтқанда Интернеттегі киберкемсіту және киберайдақтау, ашына көріністерін, кәмелетке толмағандарды жыныстық эксплуатация көріністерін(балалар порнографиясы), тарату, терроризмді, экстримизмді, нәсілшілдікті, ұлтшылдық пен нацизмді, тоталитарлық секталарды насихаттау, нашақорлықты насихаттау мен наркотикті тарату.

 


Егер сізде интернет желісінде орын алған заңға қарсы контент жөнінде сұрақтарыңыз пайда болса, Сіз келесі электронды пошта арқылы біздің мамандарға жүгіне аласыз: questions@safekaznet.kz.