Кибербуллинг

Кибербуллинг – біреудің ренжіту, көңіл-күйін бұзу немесе намысына тию үшін технологияларды қолдану. Кибербуллинг, жағымсыз мәтіндік және MMS хабарламалардан бастап блог пен әлеуметтік желілердегі дөрекі жазбаларға шейін, сонымен қатар электрондық хабарламалар мен адамның намысына тию үшін әдейі жасалған сайттарға шейін, кез-келген түрде бола алады. Кибербуллинг жәбірленушінің үйі мен жеке кеңістігіне «электронды» түрде болса да кіріп кете алатындықтан қарапайым буллинг формаларынан да зиянды болуы мүмкін. Одан қалса, куәгер бола алатын адамдар саны одан да көп болуы мүмкін. Жағымсыз хабарламалардың тарау жылдамдығы әлде қайда жоғары. Интернетте жарияланған және таратылып жатқан материалдарды қадағалау өте қиын.

Кибербуллинг анонимдігі мен интернеттің кескінсіз болмысы баланы өзі шын өмірде ойламаған да әрекеттерге тартуы мүмкін, дәлірек айтқанда, бұзушы немесе куә болуы. Ата-аналар балаларға «достарын» бұғаттау және ыңғайсыздықтар тудыратын сайтқа кірмеудің жақсы екендігін түсіндіру керек. Олар әрдайым бақылау астында болады да, егер біреуді бұғаттағысы келсе, ол мәселені дұрыс шешім шығаруға көмектесе алатын ересек адамдармен талқылай алады.

Бүгін біз жұмыс берушілердің жартысынан көбі мүмкін болатын жұмысшысын интернетте тексеретінін мойындайтын қауымда өмір сүреміз. Сондықтан желідегі беделді ойдан шығармау керек. Біздің Интернеттегі жариялымдарымыз біздің беделімізді қалыптастырады.