«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар Бірлестігінің ең басты мәселелерінің бірі болып Интернеттің ұлттық сегментін танымал ету және оның қолданушылар қызығушылықтарын есепке алатын гармониялық орта ретінде дамуына жәрдем ету болып табылады.

Сондықтан біздің жобамыздың мақсаты – әлеуметтің құралдары көмегімен зұлымдыққа пен зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа, экстремизм порнографиясына, терроризмге табынуды, әсіресе тез қабылдап алатын өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, насихаттауға қарсы тұру бойынша шараларға жәрдемдесу.

Біздің сайтымыз www.safekaznet.kz арқылы Интернет қолданушылары қазақстандық интернет-сегментіндегі роликтер қосылатын, лайықсыз және адамның намысына қорлық келтіретін басқа да материалдар мен түсініктемелерге сілтеуі бар хат жолдай алады.

Веб-сайттың «шұғыл байланыс» мамандары барлық хаттарды қарастырады және, расталған жағдайда, тез арада сол контентті жою бойынша шара қолдану үшін интернет-ресурс иесімен немесе оның хостинг-провайдерімен байланысады.

Хостинг-провайдерлермен және операторлармен байланысудың негізгі принциптері 2010 жылдың маусымында үздік қазақстандық байланыс операторлары мен хостинг-провайдерлерінің қол қойған «Қауіпсіз Интернет туралы» Декларациясында жазылған.

Аналогиялық «шұғыл байланыстар» әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді және Интернеттен алынатын көптеген қатерді азайтуға мүмкіндік береді.