«Ақ ғаламтор» қызметі жағымсыз контенті бар ресурстарға балалардың кіру мүмкіндігін шектейді

«Мәскеулік қалалық телефондық желі» (МҚТЖ) компаниясы «Ақ ғаламтор» атты қызметін іске қосты. Ол қызмет, трафикті фильтрациялайтын жаңа жүйені орнатып, «Ата-ана бақылауы» функциясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл қызмет, сайтты түгел блоктауды қажет етпейді, тек қауіпті немесе жағымсыз контенті бар парақшалардың мүмкіндігін шектейді. Ресурстарды протоколдардың түрі бойынша фильтрациялау мүмкіндігі бар, ол арқылы балалардың торрентерден бөлек жүйелік ойындарға да мүмкіндігін шектеуге болады.

Жүйе абоненттерге, балаларға ғаламторға шығу мүмкіндігін жас профилі (7 жасқа дейінгі, 7-12 жас, 12-18 жас, 18 жастан жоғары), ғаламтордағы жұмыс уақыты бойынша шектеуге, жеке фильтрациялау профилін, өз қара және ақ тізімдерін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іздеу жүйелерінде қауіпсіз іздеу функционалын қосу мүмкіндігі бар. Бұл қауіпті сұранымдарға шектеу қойып, абоненттің «Жеке кабинетінде» сұраныстар бойынша статистика мәліметтері туралы есеп алуға болады.

Сондай-ақ, МҚТЖ қолданушылардың «Бұл сайт менің балама қауіпті» атты сұранысы бойынша сайттар жағымсыз сайттардың тізіміне енеді. Бұл функция ата-аналарға балаларға қауіп төндіретін сайт туралы компанияға хабарлауға мүмкіндік береді. Ол үшін «Жеке кабинеттен» сайттың сілтемесін тексеруге жіберу қажет, тексеруден кейін қауіпті ресурстар қатарына қосу –қоспауы туралы шешім қабылданады.

Интернет-трафикті басқару жүйесі МҚТЖ желісінде орналасқан, сол үшін желіге қосылған құрылғының түріне қарамастан, балалардың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Дерекнама: lenta.ru

Comments are closed.