«Касперский Зертханасы»: «ВКонтакте» балалар үшін ең қауіпті әлеуметтік желі болып табылады

Балалар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде порнографиялық және басқа жағымсыз мазмұны бар суреттерге, бейнежазбаларға және достарға еш қиындықсыз қол жеткізе алады.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде балалар порнографиялық суреттер мен бейнежазбалар және басқа жағымсыз мазмұны бар топтарға еш қиындықсыз қол жеткізе алады, «Касперский Зертханасы» жетекші антивирустық эксперт Сергей Головановтың бейсенбі күнгі пресс-конференцияда айтуынша.

«КЗ» эксперттері «ВКонтакте», «Одноклассники» және «Мой Мир» ресейлік үш әлеуметтік желісінде зерттеу жүргізді. Бір апталық зерттеу барысында эксперттер 13 жасар бала «ВКонтакте» желісінде «порно» сұранысы бойынша жабық топтар тізімін алады, ал сол сөздің синонимдерін іздеуге салғанда, сәйкес тақырып бойынша ашық топтар тізімі шығады да, ол қиындықсыз көруге қолжетімді. Сонымен қатар бала желідегі педофилдермен қатынасудан сақтандырылмаған, моральдік зорлық-зомбылық пен қорқытуларға және алаяқтарға тап болуы мүмкін.

«Одноклассники» әлеуметтік желісінде «порно» немесе оның синонимдерін іздеуге жібергенде қолжетімділік жоқ жабық топтар тізімі ғана шығады. Жасөспірім бұл әлеуметтік желіде тек «жеңіл эротикаға» ғана қол жеткізе алады. Педофилдермен қатынасу минимумға әкелінген, ал алаяқтықтың қандай да бір түрлері желіде байқалған жоқ.

Үшінші әлеуметтік желі — «Мой Мир» — көрсеткені, порнографиялық контент онда жоқ, бар болса да қолжетімсіз. Бір апталық зерттеулер негізінде эксперттердің қорытындысы — педофилдер мұнда сирек кіреді, ал фишинг және алаяқтық мұнда байқалмаған.

«Әлеуметтік желілердің зұлымдығы онда интернеттегі барлық қауіпті контенттің бар болғандығында, одан қалса, балаға “достары” атынан қосымша қауіптілік төндіретін таныс емес адамдар және қылмыскерлермен потенциалдық кездесулер», — деп атап өтті Голованов. Бұдан бұрын да Digit.ru жеке мәліметтердің бірнеше желі қолданушыларына бірден тарап кету рискі туралы хабарлаған болатын.

«Касперский Зертханасы» мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде балалар күніне 1,4 миллион рет әлеуметтік желі беттеріне кіреді.

Инна Кудрина.

Ақпарат көзі: http://www.digit.ru/internet/20130530/401951536.html#ixzz2VK19zpMu

Comments are closed.