Safekaznet жобасы «Reach for Change» қорының әлеуметтік бастамалар байқауының қатысушысы атанды

«Safekaznet» жобасы «Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры ұйымдастырған, әлеуметтік кәсіпкерлерлер байқауының қатысушысы атанды. Байқауға ұсынылған идея, Қазақстанда іс-түссіз жоғалған балалаларды іздеу мақсатында құрылған сайт болып табылады. Мұндай қажеттілік, қазіргі таңда елімізде іс-түссіз жоғалған мыңдаған балалар мен жасөспірімдер туралы деректер базасының болуында. Балалардың фотосуреттері мен ақпараты жарияланатын сайт арқылы, азаматтық қоғам мүшелері арасында жоғалған балалар туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар хабарлай алады. Сондай-ақ, баланың қазіргі түр әлпетін бейнелейтін жаңа технологиялар қолдану көзделуде. Мұндай әдіс, әсіресе бала жоғалған уақыттан бастап бірнеше жыл өткен жағдайда қажет.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры – бұл Kinnevik компаниясының негізінде, балалар мен жасөспірімдер өмірінің сапасын арттыру мен олардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі қызметі, балалар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту мақсатында қызмет етеін тұлғалар, компаниялар мен ұйымдарды іздеу және оларға қолдау көрсету. Жағымды идеялар табу және олардың ішінде лайықты жобаға қолдау көрсету мақсатында, қайырымдылық қор жыл сайын әлеуметтік кәсіпкерлер байқауын өткізеді.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) ҚҚ ақпараттық кампаниялар арқылы қоғамның хабардарлығын арттырып, әлеуметтік кәсіпкерлік – балалар құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясын іске асырудағы ең қолайлы амал екенін насихаттайды.

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ Баспасөз қызметі

Comments are closed.