Интернет қылмыс тарапынан келетін зардап есірткі сатудан артық

Интернеттегі қылмыскерлер мемлекеттерге есірткінің контрабандасынан да көп зиян келтіретіні туралы британиялық бірлестіктер Палатасы ішкі істері бойынша комитет докладында айтылады, деп жазылған сейсенбілік Guardian беттерінде.

Norton компания эксперттері деректері бойынша интернеттегі қылмыстық істер кірістері 388 миллиард доллар, ал есірткі контрабандасы 288 миллиард долларға бағаланады.

«Біз (Ұлыбритания) қылмысты онлайн-белсенділікке қарсы соғыста жеңіліп жатырмыз. Біз оған тым аз назар аударумыздың себебі олардың құрбандары виртуалды кеңістікте жасырылған. Ұлыбританияда хакерлер шабуылы қатері ядролық соққы әсерінен де қатты», — деп ескертіп өтті комитет басшысы, лейборист Кит Ваз (Keith Vaz).

Қосымша оқу үшін: “Рунет қолданушылары көбінесе нашақорлық насихатына арызданады.”>>

Ваз есептеуінше, интернеттегі қылмыстар көбінесе тергеуге салынбайды, себебі олар туралы азаматтар арызданбайды. Банктер шығындарды өтеп қана қояды, ал ұрлық туралы құқық қорғау органдарына арызданбайды. Оның ойынша, хакерлерді қамауға алу мерзімдерін үлкейту жағын қарастыру керек. Сонымен қатар онлайн-қылмыскерлермен күрес үшін көбірек қаржы жұмсалу және полицияны дұрыстап оқыту қажет.

Оның деректері бойынша Ұлыбритания хакерлік шабуылдарға ең көп ұшырайтын елдердің бірі, олардың көбісі ЕО елдерінен келеді.

Ақпарат көзі: РИА Новости

Comments are closed.