“Виртуалды Лолита” боты интернет чаттарында балалар аңдушыларын ойын теорияларын қолданады

Испан ғалымдары онлайн қылмыскерлермен күресетін жаңа жол ойлап тапты. Бұл ақылды бот, ол ойын теорияларын қолдана отырып онлайн чаттардағы мүмкін болатын педофилдерді тауып, олармен байланыса отырып ақпарат жинайды.

Боттың атауы “Виртуалды Лолита”, оның құрушылары сөздеріне сүйенсек, ол қылмыскерлерді сендіру үшін өте ақылды және оймен жасалған компьютерлік бағдарлама.

Деусто Университеті зерттеушілерінің жариялаған мақаласына сүйенсек, ол қатынастарды адамның педофил екендігін анықтау үшін жалғастыру керек ойын ретінде қарастырады. Оны жүзеге асыру үшін бот диалогті мүмкін жерлерде интимді ашылуларға шейін дамытады.

Бағдарлама чатқа енгізіліп, біреу онымен қатынасқа түспейінше чаттың “пассивті” қатысушысы болады. Ал қатынас басталғанда ол әңгімелесушінің қызығушылығын тудыратын стратегиялық амал-тәсілдерін қолданады. Сол арқылы оған құқық қорғаушы органдарға арыздану мүмкіндігі пайда болады.

Мұның алдында да осы мақсатта боттар қолданылған, бірақ олар көбінесе еш жетістікке жетпеген, себебі қолданушылардың жансыз екендігі білініп қалатын. Мұндай қайталанбас үшінботтар жеті түрлі қатынас мәнерін, сонымен қатар аббревиатуралар қолданып, әдейі істелген грамматикалық қателер жібереді. Бот құрушылары санауынша бұл ботты шынымен он төрт жасар бала боп көрінумен қамтамасыз етеді.

Ботты құрушылардың бірі Доктор Карлос Лаорден айтуынша, Испания полициясы жаңа технологияны қолданумен қызығып үлгерді.

Бұл бағдарлама жабық ортада тестіленгендіктен оны шын чаттарға енгізердің алдында көп жұмыс істеу керек. Мысалы, негобот әлі иронияны анықтай алмайды.

Оған қоса, Лаордан сөзіне сүйенсек, техникалық жақсартулар мен әлеуметтік желілерге бейімделулерге қоса ботты қолданудың заң қабылдаушылық аспектілерін талдап, содан кейін толық қанды қолдануды бастауға болады.

Жоспардағы барлық өңдеулер нәтижесінде бот құқық қорғаушы органдар үшін пайдалы құралға айналады.

Жасалған боттың қызықтығына қарамастан, бүкіл әлемдегі құқық қорғаушы органдар бүгінгі күннің өзінде педофилдерді оңай табады.

2006 жылы халықаралық команда балалар порнографиясын тарататын беделге ие чаттарға енді. Тергеу нәтижесінде бүкіл әлемде 700-ден астам күдікті қамауға алынды.

Тергеулер, сонымен қатар, жеке күдіктілерге де тікелей бағытталған. Мұндай жағдайларда қызметкерлер чаттарға жасөспірім ретінде кіреді. 2013 жылдың мамыр айында порнографиялық материалдар мен 14 жасар қыз-бала болып кірген полиция қызметкерімен кездесуге деген құштарлықтан кейін 44 жасар Ұлыбританиялық еркек ұсталды.

Алайда педофилдерді анықтау тек құқық қорғаушы органдардың ғана мәселесі емес. Perverted Justice – бұл АҚШ-тағы педофилдерді үрейлендіруге тырысатын волонтерлік ұйым. Бұл ұйым көбінесе интернет чаттары арқылы көптеген ақпарат жинап қойды, сол ақпарат көмегімен 2004 жылы 550 қамау орын алды.

Ақпарат көзі: http://www.huffingtonpost.com/2013/07/11/negobot-virtual-lolita-game-theory_n_3579716.html?utm_hp_ref=technology

Comments are closed.