РФ-ғы интернет қайраткерлігін реттеудің ахуалы нашар

Адам құқықтары бойынша Кеңес Басшысы Михаил Федотовтың ойынша Ресейде интернеттегі белсенділікті құқықтық реттеудің ахуалы нашар, оның бәрі заңдардағы жиі қолданылатын бірқатар терминдердің жоқтығынан.

«Өкінішке орай, интернеттегі белсенділікті заңды реттеудің ахуалы өте нашар, бұл мәселеде біз басқа елдерден қатты артта қалдық. Бұл салада бір нәрсені реттеу талпыныстарымыз жүйесіздік пен бейберекетсіздікке әкеп тірейді», — деді Федотов Әлеуметтік палатаның интернетті қолданғанда кездесетін құқықтық қатынастар концепциясы мәселесі бойынша отырысында.

Федотов бұл саладағы құқықтық қатынастарды реттеу талпыныстарын барлық заңға бағынбай фундаментсіз жоғарғы қабаттарынан бастап салынған үймен теңеді.

Адам құқықтары бойынша Кеңес Басшысы құқықтық реттеу үшін конституциялық негіз бар, алайда ағымдағы заңда ол жоқ екенін ескертіп өтті. «Бізге „сайт“, „интернет желісі“ терминдері сіңіп кетсе де, біз заңды анықтамасы жоқ терминдер қолданамыз», — деп қосты Федотов. Оның сөздері бойынша бұл саладағы мемлекеттік реттеудің негізгі түсініктері мен шектерін анықтайтын негізгі заң құрылмаған.

Ақпарат көзі: РИА Новости http://digit.ru/state/20130712/403272090.html#ixzz2Z1kTRSAe

Comments are closed.