«Ақ ғаламтор» қызметі жағымсыз контенті бар ресурстарға балалардың кіру мүмкіндігін шектейді

«Мәскеулік қалалық телефондық желі» (МҚТЖ) компаниясы «Ақ ғаламтор» атты қызметін іске қосты. Ол қызмет, трафикті фильтрациялайтын жаңа жүйені орнатып, «Ата-ана бақылауы» функциясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл қызмет, сайтты түгел блоктауды қажет етпейді, тек қауіпті немесе жағымсыз контенті бар парақшалардың мүмкіндігін шектейді. Ресурстарды протоколдардың түрі бойынша фильтрациялау мүмкіндігі бар, ол арқылы балалардың торрентерден бөлек жүйелік ойындарға да мүмкіндігін шектеуге болады.

Жүйе абоненттерге, балаларға ғаламторға шығу мүмкіндігін жас профилі (7 жасқа дейінгі, 7-12 жас, 12-18 жас, 18 жастан жоғары), ғаламтордағы жұмыс уақыты бойынша шектеуге, жеке фильтрациялау профилін, өз қара және ақ тізімдерін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, іздеу жүйелерінде қауіпсіз іздеу функционалын қосу мүмкіндігі бар. Бұл қауіпті сұранымдарға шектеу қойып, абоненттің «Жеке кабинетінде» сұраныстар бойынша статистика мәліметтері туралы есеп алуға болады.

Сондай-ақ, МҚТЖ қолданушылардың «Бұл сайт менің балама қауіпті» атты сұранысы бойынша сайттар жағымсыз сайттардың тізіміне енеді. Бұл функция ата-аналарға балаларға қауіп төндіретін сайт туралы компанияға хабарлауға мүмкіндік береді. Ол үшін «Жеке кабинеттен» сайттың сілтемесін тексеруге жіберу қажет, тексеруден кейін қауіпті ресурстар қатарына қосу –қоспауы туралы шешім қабылданады.

Интернет-трафикті басқару жүйесі МҚТЖ желісінде орналасқан, сол үшін желіге қосылған құрылғының түріне қарамастан, балалардың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Дерекнама: lenta.ru

Әлеуметтік желілер адамдарда сенімсіздік пен бақытсыздық тудыратынына дәлел көбеюде.

Италиялық ғалым Фабио Сабатини мен Люксембург мемлекеттік статистика орталығының сарапшысы  Франческо Саррачино зерттеуі бойынша қолданушылардың көңіл күйі басқалардың әлеуметтік желілердегі жариялайтын ақпаратына және өз өмірлеріне қаншалықты риза екеніне тікелей байланысты. Ғалымдар мұндай зерттеуді Рим қаласында өткізіп, оған 50 000 аса сұхбаткер қатысқан. Сауалнама кезінде сұхбаткерлерге келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылған: Өміріңізге қаншалықты ризасыз? Достарыңызбен қаншалықты жиі кездесесіз? Адамдарға сенім артасыз ба? Ғаламторда әдетте немен айналысасыз?

Жауаптар негізінде ғалымдар, адамдар шынайы өмірде достарымен жиі кездесетін болса бақыттырақ болады, әрі қоршаған адамдарына сенім артады деген шешімге келді. Ал әлеуметтік желілерде уақытының көп бөлігін өткізетіндер адамдарға сенімсіздікпен қарайды. Сабатини мен Саррачино әлеуметтік желілерді дискриминация мен араздық оқиғалар тудыратын орта болып табылатындығы үшін кіналайды. Жалпы, зерттеу нәтижесі, әлеуметтік желілер адамдар арасында байланыс орнатып қана қоймай, адамдарға «жағымсыз» әсер ететінін көрсетті.

Дерекнама: Engadget

Британдық блогер «Ислам мемлекеті» жауынгерлер лагерін ғаламтор-сервистері арқылы тапты.

Британдық блогер Элиот Хиггинс «Ислам мемлекеті» (ИМ) жауынгерлер топтамасының жаттығу лагерінің орналасқан жерін анықтады деп Der Spiegel сайтыхабарлайды.

Хиггинс жауынгерлердің фотосуреттерін олардың твиттер-аккаунттарынан тапқан, онда өзен аясында бірдей киінген 45 адам бейнеленген. Google Earth-тің көмегімен блогер бұл өзеннің Ирактың солтүстігіндегі Мосул арқылы ағып жатқан Тигр өзені екенін анықтаған. Flash Earth сервисі фотосуретте көрген конструкциялардың орналасқан жерін анықтау үшін қолданылған.

Фото суреттегі объекттердің географиялық мекен-жайын анықтайтын Panoramio сервисі жауынгерлердің жаттығу лагерінің мекен-жаыйн анықтауға көмектескен.

Дерекнама: Bellingcat

Бразилияда сот шешімен Apple App Store-дан Secret қосымшасын жойды

Бразильдік төреші, Secret қосымшасы адамдар арасында анонимдік жәбірлеуге жол бергені үшін, елде тыйым салу туралы үкім шығарып, Apple компаниясы App Store магазинінен Secret мобильдік қосымшасын жойды деп VentureBeat басылымы хабарлайды. Сот үкімінің шешіміне ВИЧ инфекциясына шалдыққан деп жалаңаш адамның фотосуретінің жариялануы сылтау болды.

Бразилияның заңнамасы бойынша қолданушылар Желіде өз ойын білдіруге құқылы, бірақ тек қана өз атынан сөйлеген жағдайда. Нәтижесінде, егер қолданушылар ғаламторда жәбірлеу немесе қудалауға шалдыққан жағдайда басқарушы органдарға жүгіне алады.

Төреші бағдарламаны App Store мен Google Play-ден жоюды бұйырып, үкім шыққан күннен бастап әр созылған күнге компаниялар 20 мың реал (9 мыңдолларға жуық ) айыппұл төлеуге тиіс. Сонымен қатар, төреші Secret қосымшасын орнатқан барлық қолданушыларды смартфондар мен планшеттерден жоюуын талап етті.

Google и Microsoft компаниялары қажетті амалдар қолданғаны туралы әлі белгісіз, алайда тиісті шара қолдануға оларда бір апта бар.

Дерекнама: lenta.ru

Google өз қызметтерін балаларға арнап кеңейтуді көздеуде

The Information баспасының соңғы есебінде, Google өзінің қызметтерін көбінесе жас аудитория арасында кеңейтуді қолға алуда. Қазіргі күні, АҚШтағы Google қолданушыларының жас санаты 13 жасты құрайды. Кейбір деректер бойынша, Google YouTube-тің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеуде. Ол нұсқада әр баланың жеке аккаунты мен онлайн мониторинг панелі болады, бұл ата-анаға балаларының онлайн кезіндегі әрекеттерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Google, мұндай қызметтер жаңа веб-платформаға балалардың қызығушылығы мол болатынына үміт артады. Сондай-ақ бұл платформаға Gmail және Chrome сияқты қызметтер қосылған.

Аудитория санының көбеуі Google-ден,  Coppa (Ғаламтордағы балалар құпиясын қорғау заңы) балалардан алатын деректерді қатаң өңдеуден өткізуге шақыратын федералдық заңына сәйкес әрекет жүргізуді қажет етеді. Бұл мәселені қиындататын тағы бір жайт, Google-де екі түрлі аккаунттың болуы: бірі компьютерде құрылып, қолданушыдан жасы туралы ақпаратты көрсетуді сұраса, ал екіншісі қолданушының жасын елемейтін Android операциялық платформасы бар құрылғылардағы аккаунт түрі. The Information баспасының хабарлауы бойынша, жақын арада мобильді құрылғыларда қолданушының жасы туралы ақпаратсыз Google аккаунттары ашылмайды деп хабарлайды, бірақ компанияның ашылып қойылған аккаунтарына қарсы қандай шара қолданатыны белгісіз.

Дерекнама: engadget