Грузия балалар порнографиясына қарсы министрлер Декларациясына қосылды

1 қазан күні Грузия әділет министрі Тея Цулукиани 50 мемлекеттен аса әріптестерімен бірге балалар порнографиясы мен зорлық-зомбылыққа қарсы министрлер Декларациясына қол қойды деп  «Грузия онлайн» порталы хабарлайды.

Грузия әділет министрлігінің хабарламасы бойынша, «Балаларға қарсы ғаламтор зорлық-зомбылығына қарсы күрес жаһандық альянсы» екінші министрлер саммиті Вашингтонда өтті. Оның ұйымдастырушылары АҚШ баспрокуроры Эрик Холдер және еурокомиссар Сессилия Мальстрам. Холдер өзінің жолдауында, осы аядағы жұмысты координациялау және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында балаларға ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Жаһандық альянс 50-ге жуық мемлекетті біріктірді. Оның мақсаты – ортақ күшпен, желідегі өрістеп келе жатқан балаларға қарсы сексуалды зорлық видео, фотоматериалдарын ғаламторда сатумен айналысатын қылмыскерлермен күресу.

Дерекнама: Эхо Кавказа

Украина балалар порносын шығаратын 5 жетекші елдердің қатарына қосылды

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, АҚШпен қатар Украина, Молдова, Ресей және Беларусь балалар порносын шығаратын жетекші 5 елді құрайды. Бұл мемлекеттердің қара тізімге енуі, олардағы өмір сүру деңгейінің төмендігі мен порно өндірушілерге қатысты заңнаманың әлсіз болуында.

Дегенмен, бұл тізімді Америка Құрама Штаттары бастайды. ECPAT International халықаралық құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша АҚШта әлем порно өнімінің жартысы шығарылады. Сарапшылар, АҚШтың абсолютті жетекшілігін, оның ең ескі және тәжірибесі мол әлемдік порно өндіруші ел, ал америка қауымының бұл өнімге сұранысы зор екенімен түсіндіреді. Америка сондай-ақ, порносайттар көптеп шоғырланған ел, әлемдегі поносайттардың 60%-ы сонда тіркелген.

Алайда, ғаламтордағы балалар порнографиясының 30%-ын ТМД провайдерлері жариялайды дейді ECPAT. Internet Watch Foundation (IWF) фондының зерттеулері бойынша, порно өнімін таратуда Украина жетінші орында. Есесіне,  ECPAT консультанты Ольга Шведтің айтуы бойынша, порнографикалық роликтерде украиндық және белорустік балалар басқаларға қарағанда жиі кездеседі.

Қырым ІІД басшысы Геннадий Москальдің айтуы бойынша, мемлекет балалар порно өндіруінде еуропалық жетекшілікке жеткен. «Батыс Еуропа елдері өзінің заңнамаларын бұзақы балаға жақындай алмайтындай қылып бейімдеген. Ал Украинада арнайы заңдардың болмауынан бассыздық көбеюде, милиция педофилдердің тек 5-10% ғана қамауға алады» деп Корреспондентке хабарлады.

Украина ҰҒА социология институтының деректері бойынша, жас украиндықтардың 28%-ы Желідегі танымайтын адамдарға өздерінің суреттерін жіберуге әзір, ал ересектер сайтына кәмелетке толмаған азаматтардың 22% ұдайы кіріп тұрады.

Жалпы, елде қылмысты бизнеске 15 мыңға жуық украиндық балалар қатысты, олардың басым бөлігі панасыздар мен нашар тұратын отбасынан шыққан балалар. Ла Страда-Украина халықаралық құқық қорғау әйелдер орталығының мәліметі бойынша, жас актерлардың жасы 4 жастан 10 жас аралығында.

Дерекнама: Корреспондент.net

Синтетикалық есірткі жасөспірімдер арасындағы суицидтің өсіуінің бір себебі

Парламент депутаты Рауан Шаекин еліміздің премьер-министрі Карим Масимовке синтетикалық есірткіге тыйым салу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шаекиннің айтуы бойынша, синтетикалық есірткіні тарату қылмыстық жауапкершілікке жатпайды, бірақ оны ұзақ мерзімде қолдану психологиялық тәуелділікке алып келеді, ал оны тоқтатқан жағдайда есірткіге тәуелділік сыңайлы психоз басталуы мүмкін. Жастар уақыт, кеңістік, өзінің тұлғасында бағытын жоғалтады. Ал, ол әдеттегідей өлімге алып келеді.

Шаекиннің айтуы бойынша, ондай есірткі заттарды Интернет-дүкендерде, ойын-сауық орындарында, түнгі клубтарда табуға болады. Сонымен қатар, синтетикалық есірткілер жабық музыкалық іс-шараларда, әлеуметтік желілер арқылы шақырылатын таныс, сенімді адамдар арасында емін-еркін таралады.

Депутат, жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид санының өсуін синтетикалық есірткі заттарын қолданумен байланыстырады. Ол, аталған есірткі түрін қолданудағы тәуекелділік жасөспірімдер арасында өзін-өзіне қол жұмсауға алып келетінін дәлелдеген Ресейде жүргізілген зерттеу деректерін ұсынды

Дерекнама: Tengrinews.kz

Қырым балалар кітапханасында порнографиялық материалдар табылды

Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Алушты қалалық балалар кітапханасында порнографиялық материалдар табылған.

Балалар кітапханасының компьютерлік залында «ересектер» ресурстарына сілтемелерді блоктайтын интернет-фильтрлер орнатылмаған.

«Бақылау іс-шаралары барысында, кітапханаға келішулер қатарында, өздерінің артынан компьютерде жағымсыз контент қалдыратын ер адамдар бар екені анықталды» -деп хабараланады.

Полиция білім беру туралы заңнаманы ұстануды қадағалуда.

Дерекнама: газета.ru

IT-технологияның жетекші қызметкерлері балаларын компьютерлері жоқ мектептерге жіберуде

eBay-дің техникалық директоры балаларын компьютерлері жоқ мектепке жіберген. Google, Apple, Yahoo, Hewlett-Packard сияқты Силикон алқабы алыптарының қызметкерлері де осылай жасаған. Ол, түрлі түсті борлары бар тақталар, энциклопедияға толы кітап сөрелері, дәптерлер мен қаламдар, ағаш парталары бар қарапайым, ескі қалыптағы мектеп.

IT-технологиясыз оқытуды қолдаушылар, компьютерлер шығармашылық ойлауды, алғырлықты, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, зерделілікті жояды дейді. Мұндай ата-аналар балаларын кейінгі технологиялармен таныстыратын кезде, қажетті жағдайлардың барлығын олар өз үйінен таба алатынын айтты.

Фурман Университетінің профессоры, мемлекеттік мекемелердегі білім беру әдістемесі туралы 12 кітап шығарған Пол Томастың айтуы бойынша, білім беру процессін жақсарту үшін, компьютерді қолдануды азайту қажет. «Білім алу – ең алдымен адамның әсер алуы, тәжірибе жинақтауы. Сауаттылық, санау, сыншыл ойлау қабілеттерін арттыру кезінде технология тек алаңдатады» дейді Пол Томас.

Заман талабына сай болу үшін компьютерлік сауаттылықты арттыру қажет деп, сыныптарды компьютерлермен жабдықтауды қолдайтын ата-аналарға, компьютерлерге қарсы ата-аналар олардың асығыстығына таң қалады. Силикондық алқаптың қызметкері мистер Иглдің айтуы бойынша «Бұл оп-оңай. Ол тіс тазартуды үйрену сияқты оңай нарсе. Біз Google-де және оған ұқсас мекемелерде технологияларды мүмкіндігінше қарапайым қылып жасаймыз. Балалар өскенде оларды игеруде еш қиындық толдырмау керек».

Оқушылардың өздері жоғары технологиялардан жұда болдық деп ойламайды. Олар мезгілімен фильм көріп, компьютер ойындарын ойнайды. Балалардың, ата-аналарының немесе туысқандарының түрлі құрылғыларға әуестігін көргенде көңілдері қалатынын айтты.

Дерекнама: igor-grek.com

Safekaznet жобасы «Reach for Change» қорының әлеуметтік бастамалар байқауының қатысушысы атанды

«Safekaznet» жобасы «Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры ұйымдастырған, әлеуметтік кәсіпкерлерлер байқауының қатысушысы атанды. Байқауға ұсынылған идея, Қазақстанда іс-түссіз жоғалған балалаларды іздеу мақсатында құрылған сайт болып табылады. Мұндай қажеттілік, қазіргі таңда елімізде іс-түссіз жоғалған мыңдаған балалар мен жасөспірімдер туралы деректер базасының болуында. Балалардың фотосуреттері мен ақпараты жарияланатын сайт арқылы, азаматтық қоғам мүшелері арасында жоғалған балалар туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар хабарлай алады. Сондай-ақ, баланың қазіргі түр әлпетін бейнелейтін жаңа технологиялар қолдану көзделуде. Мұндай әдіс, әсіресе бала жоғалған уақыттан бастап бірнеше жыл өткен жағдайда қажет.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) қоры – бұл Kinnevik компаниясының негізінде, балалар мен жасөспірімдер өмірінің сапасын арттыру мен олардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі қызметі, балалар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту мақсатында қызмет етеін тұлғалар, компаниялар мен ұйымдарды іздеу және оларға қолдау көрсету. Жағымды идеялар табу және олардың ішінде лайықты жобаға қолдау көрсету мақсатында, қайырымдылық қор жыл сайын әлеуметтік кәсіпкерлер байқауын өткізеді.

«Навстречу переменам» (Reach for Change) ҚҚ ақпараттық кампаниялар арқылы қоғамның хабардарлығын арттырып, әлеуметтік кәсіпкерлік – балалар құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясын іске асырудағы ең қолайлы амал екенін насихаттайды.

«Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ Баспасөз қызметі